Русский   Қазақша
Регистрация

Маңызды

» » Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және лауазымына тағайындау бойынша конкурстық комиссия құру туралы бұйрық

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және лауазымына тағайындау бойынша конкурстық комиссия құру туралы бұйрық

14-12-2020, 10:30

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының 

басшыларын конкурстық орналастыру

 және лауазымына тағайындау бойынша 

конкурстық комиссия құру туралы


"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 35) тармақшасына, «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 (21.05.2020 ж №213) бұйрығының 4, 9, 15, 16 тармақтарына сәйкес: 

1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және лауазымына тағайындау бойынша, «Ескелді ауданы әкімдігінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос тұрған мектеп директоры лауазымына конкурс өткізу барысында, объективтілік пен айқындылықты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ барлық кандидаттарға тең мүмкіндік беру және құжаттарға біліктілік бағалауын жүргізу мақсатында конкурстық комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін. 

2. Комиссияға конкурс өткізу мерзімін, орнын және тәртібін айқындайдау, конкурстық орналастыру туралы хабарландыру мәтінін жазу, бұқаралық ақпарат құралдарында, білім беруді басқару органының ресми сайтында хабарландыруды жариялауды қамтамасыз ету жүктелсін.

3. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшы лауазымына ұсынылатын үміткерлердің  құжаттары   ережеге сәйкес  толық қамтамасыз етілсін.

4. Конкурстық комиссия құжаттарға біліктілік бағалауын жүргізіп, конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау қорытындысы бойынша қамқоршылық кеңеске бос лауазымға орналасуға кандидаттардың тізімін жолдансын.

5. Конкурстың үшінші сатысынан өткен үміткерге әңгімелесу жүргізілсін.                                                                                                        6. Осы бұйрықтың орындалуын өз құзырымда қалдырамын.

             Бөлім басшысы                                           М.Бектуров


14 желтоқсан 2020 жылғы 

____ бұйрығына қосымша


Конкурстық комиссия құрамы


  №

Аты-жөні

-

Лауазымы 

1

Жаканова Шолпан Абилевна

-

Ескелді ауданының білім бөлімінің сектор меңгерушісі, конкурстық комиссия төрайымы

2

Умирбекова Арайлым Мухтаровна 

-

Комиссия хатшысы, 

Білім бөлімінің бас маманы

Комиссия мүшелері: 


3

Мукажанова Назигуль Кызайбаевна 

-

Аудандық әдістемелік кабинеттің аға әдіскері, комиссия мүшесі

4

Исанова Бибигуль Тулегеновна 

-

Аудандық әдістемелік кабинеттің  әдіскері, комиссия мүшесі

5

Айтбузинова Адия Хафизовна 

-

Аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы, комиссия мүшесі. (келісім бойынша) 

6

Мухтарова Ардак Иембергеновна 

-

Ескелді аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің заңгері (келісім бойынша)

7

Есдаулетов Куат Райкулович

-

Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебінің директоры, комиссия мүшесі (келісім бойынша) 

8

Алимгазина Ботакоз Карекеевна

-

Аудандық әдістемелік кабинеттің  әдіскері, комиссия мүшесі




Пожаловаться
Автор: admin
Прочитали - 379
Распечатать
Комментарии к новости0
Комментировать