Русский   Қазақша
Регистрация

Маңызды

» » Аудандық білім беру ұйымдарының педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтарына арналған «Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің атқарылу деңгейі» атты вебинар өткізілді.

Аудандық білім беру ұйымдарының педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтарына арналған «Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің атқарылу деңгейі» атты вебинар өткізілді.

26-01-2022, 16:00
Бүгін аудандық білім беру ұйымдарының педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтарына арналған «Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің атқарылу деңгейі» атты вебинар өткізілді.
Мақсаты: психологиялық қызметтің жүйелі жүргізілуіне қолдау көрсету, іс-тәжірибе алмасу. Вебинарда Ш.Уәлиханов АОМГ, Алдабергенов АОМ, Шестаков АОМ, Қарабұлақ ОМ, Титов атындағы орта мектептерінің педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтары психологиялық қызмет бойынша мектеп ережесіне, жоспарына, атқарылған іс-шараларына қысқаша тоқтала кетті. Психологиялық қызметтің білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау негізінде қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың өзектілігі жайлы айтылды. Қиын жағдайға тап болған білім алушыларды әлеуметтік-психологиялық қолдаудың табыстылығы мен тиімділігін іске асыру жолдары қарастырылды. Баланың дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтау, түзету жұмыстарын жүргізу, әлеуметтендіру, білім беру ұйымындағы психологиялық қызметі жұмысының көрсеткіші болатыны айқындалды.
Пожаловаться
Автор: admin1
Прочитали - 249
Распечатать
Комментарии к новости0
Комментировать