«Мейірімділік жасауға асығыңыз» атты республикалық балалар сурет байқауы
26-01-2021, 18:14
ӨНЕРЛІ ЖАС СУРЕТШІЛЕРІМІЗ
Ағымдағы жылдың қаңтар айында аудан бойынша «Мейірімділік жасауға асығыңыз» атты республикалық балалар сурет байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Аталған іс-шара қазіргі қоғамның үйлесімді дамыған тұлғасын тәрбиелеп, балаларда адамгершілік, рухани құндылықтарды қалыптастыру, қоршаған әлемге жақсы сезімдер көрінісінің маңыздылығын сезіну, республикалық ауқымдағы шығармашылық жобаларға қатысу арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар: махаббат, мейірімділік туралы білімді қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр.
Аудан бойынша байқауға 27 мектептен 50 оқушы қатысты. Оның ішінде Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Голущенко Варвара, Көктөбе орталау мектебінің 7-сынып оқушысы Нұрмухан Бақжан, Титов атындағы орта мектебінің 4-сынып оқушысы Оралхан Баянның жұмыстары алға шығып, облыстық кезеңге өткізілді. Аудандық кезеңде қатысқан барлық оқушылар жақын арада мақтау қағаздарымен марапатталады. Облыстық кезеңде Титов атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушысы Оралхан Баянның жұмысы үздік деп танылып 1 орынға иеленіп, республикалық кезеңге өтті. Талантты, дүниеге деген жарқын көзқарасы, өзгеше стилі бар оқушыларымызды қол жеткізген жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылықтарын шындап, әрі қарай талай жетістіктерге қол жеткізетіндеріне мол сенім білдіреміз.
Похожие новости:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ 2020-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Жаңалықтар / Нормативті құжаттар«ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» ММ «Б» КОРПУСЫНЫҢ БОС МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА ЖАЛПЫ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
Жаңалықтар / Лауазымдық конкурстар«ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ЕРЕЖЕСІ
Бөлім«ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ЕРЕЖЕСІ
Бөлім«Ескелді ауданы әкімдігінің Ж. Жақыпбаев атындағы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 2017-2018 оқу жылының Қамқоршылық кеңестің атқарған жұмыстары туралы есебі
Мектеп директорларының қамқоршылық кеңесі алдында