«Ескелді ауданы әкімдігінің Ж. Жақыпбаев атындағы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 2017-2018 оқу жылының Қамқоршылық кеңестің атқарған жұмыстары туралы есебі
2-10-2018, 10:26
«Ескелді ауданы әкімдігінің Ж. Жақыпбаев атындағы орта мектебі»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
2017-2018 оқу жылының Қамқоршылық кеңестің
атқарған жұмыстары туралы есебі
Қамқорлық кеңес жұмысының мақсаты: біріңғай педагогикалық ұстаным негізінде оқыту мен тәрбие беруде педагогикалық ұжым мен қамқорлық кеңесі қарым – қатынасын ұйымдастыру, кешен оқу – тәрбие жұмысының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектесу.Жыл бойында қарастырылатын мәселелер мемлекеттің тәрбие беру іс – шарасынабірлесіп атқаруға ата – аналар қауымын тарту, олардың педагогикалық мәдениетін, білімін көтеру мектеп пен отбасында салауатты өмір салтын ұйымдастыруға ықпал жасау және балаларды әлеуметтік жағынан қорғау.
Қыркүйек айынан бастап мектепте қамқорлық кеңесі жұмысы жүрілді 2017-2018 оқу жылынан бастап қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша бес күндік жүйеге көшірілді. Қамқоршылық кеңес мүшелері білім жүйесіне еңгізіліп жатқан өзгерістерді бір ауыздан қолдады.
Жалпы оқыту жөніндегі айлық және «Мектепке жол», «Қайырымдылық» қамқорлық акциялары ұйымдастырылып, жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен танысу актісі жасалып, мұқтаж балаларға көмек көрсетілді. Мектепке қамтылмай қалған бала жоқ. Оларға тегін оқулықтар, мектепке қажетті құрал-жабдықтар, киім - кешектер таратылды және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. «Қамқорлық» акциясына барлық сыныптар өз үлесін қосты, белсенді қатысты. Сынып сағаттарында «Қайырымдылық», «Жақсыдан шарапат», «Мейірімділік» тақырыптарына арналған әңгімелер өткізілді.
Кәмелетке толмағандардаң бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және олардың бей-берекет жүрмеулері үшін мақсатты жұмыстар жүзеге асырылуда. Олардың мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысулары, спортпен шұғылданулары, әр алуан үйірмелер мен спорт секцияларына қатысулары бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Педагогикалық ұжыммен бірлесіп нашақорлық және зиянды заттарға әуестенудің алдын алудағы бағдарламалар бойынша мақсатты түрдегі жұмыстар жүзеге асырылуда. Білім басқармасы, Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы, Денсаулықты сақтау басқармасы, СПИД-тің алдын алуға бірлесе жұмыстар атқарылуда. «Жасөспірімдердің құқығы» тақырыбында мектеп инспекторы, 5-11 сыныптың оқушыларымен мектептің акт залында кездесу өткізді.
Жұмыс жоспарына сәйкес жалпы ата – аналар жиналысы өткізіліп, онда төмендегідей мәселелер қарастырылды: «Отбасы тәрбиесі», «Өзара қарым – қатынас жасау мәдениеті», «Құқық бұзушылық мәселесі бойынша мектеп пен отбасының өзара әрекеті». Аталған жиналыстарда ата – аналар нормативтік - құқықтық актілерімен танысып, психологиялық – педагогикалық ата – аналарға білім, мағлұмат беру жұмысы іске асырылды.
Осы оқу жылында 1-11 сыныптар арасында «Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі» тақырыбында қамқорлық кеңес мүшелерінің қатысымен барлық сыныптардың ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста ата-аналарға қауіпсіздік шаралары, балаларын әлеуметтік желілерге отырғанда қадағалаудың түрлері, баланың психо-эмоционалдық жағдайы туралы кеңес мүшелері сөйледі. Балаларымен әңгіме кеңес жүргізіліп, балаларды қадағалау керектігі түсіндірілді. Әртүрлі әлеуметтік желіде қазіргі уақытта көбейіп кеткен қоғам үшін қаупі мол ойындарға балалардың кірмеуі қатаң қадағалануы қажет екені айтылды. Сонымен қатар балалардың қалта телефонындағы әлеуметтік желілерді ата-ана тарапынан үнемі қадағалап отыруы қажет екеніне баса назар аударылды.
Қамқоршылық кеңестің жұмысы жоспар бойынша атқарылды.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Жумагалиева
«Ескелді ауданы әкімдігінің Ж. Жақыпбаев атындағы орта мектебі»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
2018-2019 оқу жылының Қамқоршылық кеңестің
атқарған жартыжылдық есебі
Қамқорлық кеңес жұмысының мақсаты: біріңғай педагогикалық ұстаным негізінде оқыту мен тәрбие беруде педагогикалық ұжым мен қамқорлық кеңесі қарым – қатынасын ұйымдастыру, кешен оқу – тәрбие жұмысының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектесу.Жыл бойында қарастырылатын мәселелер мемлекеттің тәрбие беру іс – шарасына бірлесіп атқаруға ата – аналар қауымын тарту, олардың педагогикалық мәдениетін, білімін көтеру мектеп пен отбасында салауатты өмір салтын ұйымдастыруға ықпал жасау және балаларды әлеуметтік жағынан қорғау.
Жалпы оқыту жөніндегі айлық және «Мектепке жол», «Қайырымдылық» қамқорлық акциялары ұйымдастырылып, жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен танысу актісі жасалып, мұқтаж балаларға көмек көрсетілді. Мектепке қамтылмай қалған бала жоқ. Оларға тегін оқулықтар, мектепке қажетті құрал-жабдықтар, киім - кешектер таратылды және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. «Қамқорлық» акциясына барлық сыныптар өз үлесін қосты, белсенді қатысты. Сынып сағаттарында «Қайырымдылық», «Жақсыдан шарапат», «Мейірімділік», «Жақсылық жасай білейік» тақырыптарына арналған әңгімелер өткізілді.
Жыл сайынғы қаңтар –ақпан айларында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясының өткізу туралы бұйрыққа негізделіп, «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы жоспар құрылды.Айлық кезінде демеушілеріміз әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға қажетті оқу-құралдарын алып берді.
Кәмелетке толмағандардан бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және олардың бей-берекет жүрмеулері үшін мақсатты жұмыстар жүзеге асырылуда. Олардың мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысулары, спортпен шұғылданулары, әр алуан үйірмелер мен спорт секцияларына қатысулары бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Педагогикалық ұжыммен бірлесіп нашақорлық және зиянды заттарға әуестенудің алдын алудағы бағдарламалар бойынша мақсатты түрдегі жұмыстар жүзеге асырылуда. Білім басқармасы, Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы, Денсаулықты сақтау басқармасы, СПИД-тің алдын алуға бірлесе жұмыстар атқарылуда. «Жасөспірімдердің құқығы» тақырыбында мектеп инспекторы, 5-11 сыныптың оқушыларымен мектептің акт залында кездесу өткізді.
Жұмыс жоспарына сәйкес жалпы ата – аналар жиналысы өткізіліп, онда төмендегідей мәселелер қарастырылды: «Отбасы тәрбиесі», «Өзара қарым – қатынас жасау мәдениеті», «Құқық бұзушылық мәселесі бойынша мектеп пен отбасының өзара әрекеті». Аталған жиналыстарда ата – аналар нормативтік - құқықтық актілерімен танысып, психологиялық – педагогикалық ата – аналарға білім, мағлұмат беру жұмысы іске асырылды.
Осы оқу жылы басында «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана:Өз балаңа үлгі бол» атты Республикалық ата-аналар конференциясы қамқорлық кеңес мүшелерінің қатысуымен барлық сыныптардың ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста ата-аналарға қауіпсіздік шаралары, балаларын әлеуметтік желілерге отырғанда қадағалаудың түрлері, баланың психо-эмоционалдық жағдайы туралы кеңес мүшелері сөйледі. Балаларымен әңгіме кеңес жүргізіліп, балаларды қадағалау керектігі түсіндірілді. Әртүрлі әлеуметтік желіде қазіргі уақытта көбейіп кеткен қоғам үшін қаупі мол ойындарға балалардың кірмеуі қатаң қадағалануы қажет екені айтылды. Сонымен қатар балалардың қалта телефонындағы әлеуметтік желілерді ата-ана тарапынан үнемі қадағалап отыруы қажет екеніне баса назар аударылды.
Қамқоршылық кеңестің жұмысы жоспар бойынша атқарылып жатыр.
Қамқоршылық кеңестің төрайымы Ш.Бектенова
Похожие новости:
Ескелді ауданының мектептері бойынша мәлімет
Орта білім беру мекемелеріМектеп сайттары
Орта білім беру мекемелері«ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ЕРЕЖЕСІ
Бөлім«ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ЕРЕЖЕСІ
БөлімҚаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» 2018-2019 оқужылының І жарты жылдығында Қамқоршылық кеңестің атқарған жұмысы туралы Есебі
Мектеп директорларының қамқоршылық кеңесі алдында